«Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасының қорытындысы

Жаңалықтар / «Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасының қорытындысы

«Жарқын болашақ» облыстық олимпиадасының қорытындысы

Қазақ тілін оқыту сапасын арттыру мақсатында 2020 жылдың 3 наурызында "дарынды балаларға арналған Білім-Инновация Лицей-интернаты" базасында жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында "Жарқын болашақ" олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

"Жарқын болашақ" олимпиадасы бес бағыт бойынша өткізілді: "Бейнелеушілер", "Сөз шеберлері", "Әнші-бұлбұлдар", "Білгірлер", "Жас қаламгер". Жоғарыда аталған бағыттар бойынша ауданымыздан 5 оқушы қатысты, Жамбыл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Сабыржан Жаңыл "Жас қаламгер"номинациясында 1 орын алды.


"Науырзым ауданының білім бөлімі" ММ