"Біз бақытты балдырған"

Жаңалықтар / “Біз бақытты балдырған”

"Біз бақытты балдырған"

"Біз бақытты балдырған " "Балапан " бөбекжай бақшасында осындай тақырыпта "Балаларды қорғау күніне" арналған ертеңгілік болды.

Бүлдіршіндеріміз ән айтып, би билеп, ойындар ойнады. Әсем безендірілген ауладағы ойын алаңында балалар мәз-мәйрам болды. Балалардың сыңғырлаған әсем күлкісін есту қандай бақыт. Бала-бақша меңгерушісі Стамкулова Г. С балаларға сыйлықтар таратып, бүлдіршіндерге өз тілегін айтты. Әлемнің барлық сәбилері жыламасын, заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын деп ертеңгілігімізді "Әрқашан күн сөнбесін"әнімен аяқтадық. Балаларды қорғау күні мерекесі құтты болсын.