«Балдырғанда» өткен облыстық семинар

«Науырзым ауданындағы «Әдіскерлерді дамыту»АҚӘК әдіскерінің желілік мектебі атты аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие жөніндегі әдіскерлеріне арналған облыстық семинар «Балдырған» бөбекжайы базасында өтті. Семинардың мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарда желілік білім беру арқылы озық технологияларды қолдана отырып,балалардың даму деңгейін толыққанды мотивациялық негізін калыптастыру болды. Семинарға облыстың аудандарынан, қалаларынан меңгерушілер, әдіскерлер, тәрбиешілер катысты.