«Балалар – біздің болашағымыз» атты арт-терапия семинары өтті

"Науырзым ауданының білім бөлімі»ММ жұмыс жоспарына сай аудандық семинар өтті. Өлеңді ауылының «Балдаурен» бөбекжайында «Балалар – біздің болашағымыз» атты аудандық семинар өтті. Оған ауданның «Қызғалдақ», «Балдырған», «Балапан» бөбекжайларының педагогтары қатысты. Жиналғандар арт-терапиясы әдісі қолданылған шығармашылық «Ғажайып көбелектер» әрекетін тамашалады. «Балдаурен» бөбекжайының өнерлі балаларының музыкалық қойылымындағы орындалған әндері мен керемет билері бойларындағы таланттарымен катысушыларды жақсы әсерге бөледі. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – арт-терапиясы әдісінің тиімділігін дәлелдеп, балалардың қызығушылықтарын көрсету. Семинарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Қ.Валиева ашып, оның маңыздылығын түсіндірді. Мектеп жасына дейінгі балалар оның кез келген көрінісінде ойнауды өте қажет етеді. Ал балабақшадағы немесе үйдегі кез келген тәсіл балалардың мүддесі негізінде құрылуы тиіс. Сондықтан балаларға көңілді және танымдық ойындардан, іс-шаралардан және ойын-сауықтан қуаныш сыйлауды тоқтатпаңыз. Бұл бізге міндетті түрде оқудағы оң нәтижені және тәрбиеленушілеріміздің жүзіндегі қуанышты күлкіні көруге мүмкіндік береді!