«Аттестатталатын педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында конференция өтті

Жаңалықтар / «Аттестатталатын педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында конференция өтті

«Мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша «Аттестатталатын педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру» атты тақырыбындағы конференция.

2020 жылдың 17 қарашасында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы жоспары негізінде «Мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру бойынша» «Аттестатталатын педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру» тақырыбында конференция өтті. Осы мәселені талқылауға ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің, «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Нұр-Сұлтан қаласы білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы» РММ директоры Базарбаева Роза Жолаушиевна кіріспе сөзбен конференцияны ашты.  Конференция  жұмысы барысында мектепке дейінгі ұйымдарда 2020-2021 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру жөнінде Әдістемелік нұсқау хаттағы өзгерістер, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының пікір алмасуы мүмкіндігіне ие болады. Конференция  қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Науырзым ауданы білім беру бөлімінің

мектепке дейінгі ұйымымының әдіскері

Валиева Қанымкүл Әлібекқызы